Қазақстанның 16 облысында 11 қыркүйекте дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда 11 қыркүйекте солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні — 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, орталығында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 11 қыркүйекте солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, түндегі екпіні — 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады
Ақтөбе облысының батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 11 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 11 қыркүйекте төтенше өрт қаупі күтіледі. Түркістан қаласында 11 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада 11 қыркүйекте кей уақыттарда найзағай ойнап, тұман түседі деп күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, екпіні — 15 м/с.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Алматыда 11 қыркүйекте найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с құрайды. Қонаевта 11 қыркүйекте найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.
Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында нөсер жаңбыр жауады, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады, найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың шығысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында шығыстан, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады, найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында шығыстан, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Өскеменде 11 қыркүйекте аздап нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі, түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, күндізгі екпіні — 15-18 м/с.
Түнде Қостанай облысының оңтүстік-шығысында, күндіз солтүстік-батысында найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда 11 қыркүйекте күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі.
Түнде Ақмола облысының шығысында нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстіктен жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 11 қыркүйекте кей уақыттарда найзағай ойнап, тұман түседі деп күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, екпіні — 15 м/с.
Астанада 11 қыркүйекте кей уақыттарда найзағай ойнап, тұман түседі деп күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, екпіні — 15 м/с.
Түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздап нөсер жаңбыр жауады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнпа, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 11 қыркүйекте кей уақыттарда найзағай ойнайды деп күтіледі.
Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады, найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстіктен жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Павлодарда 11 қыркүйекте найзағай ойнайды деп күтіледі.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстіктен жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Петропавлда 11 қыркүйекте күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні — 15-20 м/с.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 11 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның үш ірі қаласында 10-12 қыркүйек аралығындағы ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөліскен болатын.