Бүгін IMD Әлемдік бәсекеге қабілеттілікті зерттеу орталығы IMD 2025 Таланттылардың әлемдік рейтингінің (IMD World Talent Ranking 2025) нәтижелерін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Көрсеткіштер бөлінісінде айтарлықтай жақсаруына жалпы жұмыс күшінің 51,5%-ін әйелдер құрауы да әсер еткен(IMD 2025 таланттылар рейтингінде 48,39% мәнімен 12 орыннан 3 орынға дейін), сондай-ақ бастауыш білім берудегі оқушылар мен мұғалімдер санының 14,74-ті құрайтын арақатынасы бойынша (IMD 2025 таланттылар рейтингінде 16,8 мәнімен 46 орыннан 38 орынға дейін) байқалады. Қазақстан орта білім беруде оқушылар мен мұғалімдер санының арақатынасы көрсеткіші бойынша мықты позицияларды сақтап, 8,34 мәнімен 2 орынға ие болып отыр.
«Тартымдылық» және «Дайындық» факторлары бойынша 46 орыннан 45 орынға дейін және сәйкесінше 44 орыннан 43 орынға дейін 1 тармаққа жақсару байқалады. Мысалы, «Тартымдылық» факторы шеңберінде респонденттер сот төрелігінің әділеттілік деңгейін (5,54 баллмен 39 орыннан 6,56 баллмен 26 орынға дейін), сондай-ақ компанияларда таланттарды тарту мен ұстап қалудың басымдылығын (6,6 баллмен 40 орыннан 6,92 баллмен 27 орынға дейін) жоғары бағалады.