Қазақстанда алдағы бейсенбіде, 2025 жылы 11 қыркүйекте жаңбырлы ауа райы күтіледі. Бұл туралы болжаммен "Қазгидромет" РМК-ның синоптиктері бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, еліміздің батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстігінде ауа-райы, негізінен, жауын-шашынсыз болады деп күтіледі.

"Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер айқындайтын болады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, республикамыздың солтүстігінде, шығысында, орталығында нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады... Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылыс — желдің екпін алуы, батыста, солтүстікте, шығыста, ҚР орталығында түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі

Ал республиканың бірқатар өңірлерінде мынандай қауіпті табиғи құбылыстар күтіледі:

  • өрт қаупі жоғары — Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, Ақмола облысының солтүстік-батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау өңірінің батысында, Ақтөбе облысының батысында, орталығында, Қостанай облысының оңтүстік-шығысында, Ұлытау облысының шығысында;
  • төтенше өрт қаупі — Алматы, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Жетісу облыстарында, облысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Қостанай өңірінің оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының шығысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның үш ірі қаласында 10-12 қыркүйек аралығындағы ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөліскен болатын.