Бүгін Алматының әйгілі "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортында аспалы жолы тоқтап қалып, кабинада қалған адамдарды арнайы альпинистік құрал-жабдықтың көмегімен түсіруге тура келген. Бұл туралы ТЖМ-ға сілме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, бүгін, 10 қыркүйекте теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте орналасқан "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортында "Комби-2" аспалы жолы тоқтап қалған.

Алматы қаласы ТЖД құтқарушылары, ТЖМ РЖҚЖ және курорттың қызметкерлері шұғыл түрде көмекке жетіп, кабинада қалған 21 адамды альпинистік құрал-жабдықтың көмегімен түсірген.

Сондай-ақ Талғар асуында қалған шамамен 100 қонақты қауіпсіз жерге эвакуациялаған.

"Шымбұлақ ТШК әкімшілігі ыстық сусындар мен күтушілер үшін жылынатын орындар ұсынды.

"Зардап шеккендер жоқ. Аспалы жол уақытша жұмыс істемейді – қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде", — делінген хабарламада.

Еске салайық, ТЖД, РЖҚЖ, Құтқару қызметі және «Шымбұлақ» арқанды жолының күштері бұрын штаттан тыс жағдайларды үлгілейтін оқу-жаттығулар өткізген болатын. Дәл осы дайындық шаралары шынайы жағдайда құтқару операциясын жедел әрі қауіпсіз түрде жүргізуге мүмкіндік берді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз