Өнеркәсіп және құрылыс министрі 2025 жылғы 29 тамыздағы бұйрықпен елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Су тұтынушыларға сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсету үздіксіз жүзеге асырылады. Сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін уақытша тоқтату және шектеу Қазақстан Республикасының Су кодексінде, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы қолданыстағы заңнаманың нормаларында және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Ауыз сумен жабдықтау қызметтерін көрсету кезінде халықты ауыз сумен қамтамасыз ету басымдылығы белгіленеді.

Су тұтынушылардың сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалануға мынадай жағдайларда жол берілмейді:

  • елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру желілеріне техникалық шарттарды бұза отырып немесе олар болмаған кезде жалғанған кезде;
  • сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсетуге арналған шарттың қолданылу мерзімі өткеннен кейін пайдаланылатын заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жеке тұлғалар.

Сумен жабдықтау және су бұру бойынша көрсетілген қызметтер көлемінінің есебін жеткізуші сумен жабдықтау және су бұру бойынша көрсетілетін қызметтер көлемінің есебі әдістемесіне сәйкес жүргізеді.

Көрсетілген сумен жабдықтау және су бұру қызметтері үшін төлемді қайта есептеуді өнім беруші су тұтынушының өтініші бойынша растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда қайта есептеу үшін негіздеме басталған кезден бастап жүзеге асырады.

Елді мекеннің сумен жабдықтау жүйесінен ауызсуды техникалық қажеттіліктерге пайдаланатын су тұтынушылар – заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, осы іс-шара негізделген кезде ауыз суды қайта пайдалану үшін айналымдық және қайталама сумен жабдықтау жүйесін орнатады.

Елді мекеннің аумағын абаттандыру жұмыстарын жүргізу кезінде мердігер ұйымдар халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолдың жүру бөлігінде, тротуарларда және жасыл желектерде құдықтар, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің люктері болған кезде жұмыстарды жеткізушімен келіседі.

Жеткізуші сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде жасыл желектерді суаруға, аумаққа, жолдарға, тротуарлар мен өтпе жолдарға пайдаланылатын техникалық су пункттерін, көшелер мен алаңдарды жууды, сондай-ақ мамандандырылған автокөлікте орталықтандырылмаған су бұру жүйелерінен сарқынды суларды қабылдайтын сарқынды суларды ағызу станцияларын ұйымдастырады.

Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекітетін елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларына сәйкес техникалық су пункттері мен сарқынды суларды ағызу станциялары мүліктік жалдауға (жалға алуға, аутсорсингке) беріледі.

Сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне арналған шарт

Сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі қызметтерді ұсынуға арналған үлгілік шартқа сәйкес жасалған жеткізуші мен су тұтынушы арасында жасалған шарт негізінде:

  • көппәтерлі тұрғын үйде тұратын жеке тұлға-су тұтынушының қалауы бойынша жазбаша жеке және жария шарт нысанында;
  • жеке тұрғын үй құрылысында тұратын жеке тұлға және заңды тұлға, сондай-ақ заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жеке тұлғамен-жазбаша жеке шарт нысанында ұсынылады.

Жеткізуші мен су тұтынушы арасындағы жария шарттың күшіне ену шарты шартты жеткізушінің ресми сайтында және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау болып табылады.

Өнім беруші мен су тұтынушылар арасында жазбаша нысанда жеке шарттар жасасуға қол қоюды, электрондық цифрлық қолтаңбаны, қарапайым электрондық қолтаңбаны факсимильді көшіру құралдарының тараптары куәландыра отырып, электрондық нысанда жол беріледі.

Сондай-ақ мәміле жасауға ұялы байланыс операторы желісінің және абоненттік құрылғының техникалық мүмкіндіктерімен жол берілетін белгілі бір реттілікпен және көлемде терілген әріптерден және сандардан және символдардан тұратын қысқа мәтіндік хабарлама (SMS – хабарлама) алмасу теңестіріледі.

Шартты орындауға байланысты құжаттарға (актілерге) екі жақты қол қоюды Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тәсілдермен қатар, қол қою планшет арқылы – абоненттік құрылғының (смартфонның, планшеттің) экраны бойынша саусақпен (стилуспен) оны сызу жолымен алынған қол қоюды жүзеге асыруға жол беріледі.

Техникалық мүмкіндік болмаған кезде Жеткізуші жеке шарттар мен екі жақты қол қойылған актілерге кейіннен оларды PDF-құжат түрінде су тұтынушының жеке кабинетіне салумен қағаз жеткізгіште қол қоюды қамтамасыз етеді.

Жеткізуші электрондық нысандағы құжаттардың су тұтынушының жеке кабинетінде кемінде бес жыл кезеңге сақталуын қамтамасыз етеді.

Жеке кабинет өзіне-өзі қызмет көрсетудің, қызметтерді бақылау мен басқарудың, сондай-ақ су тұтынушы деректерді (дербес шот, пароль, код сөзі және көп факторлы аутентификацияны қоса алғанда, өзге де деректер) енгізу арқылы қол жеткізуді жүзеге асыратын заңдық маңызы бар іс-әрекеттерді жасаудың автоматты интерфейсі бар жеткізуші пайдаланатын (меншік құқығында немесе өзге де құқықта) ақпараттандыру объектісінің интернет-ресурсындағы су тұтынушының дербес бөлімі болып табылады.

Жеткізушіге сумен жабдықтау және су бұру қызметтері үшін, оның ішінде осындай орналастырудың (хабарламаның) күнтізбелік күнін және сақтау кезеңін автоматты түрде белгілей отырып, су тұтынушының жеке кабинетінде орналастырылған төлем құжаты арқылы Қазақстан Республикасының су заңнамасында көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асыру қажеттігі туралы хабарлауға жол беріледі.

Жеткізуші мен су тұтынушы, жеке тұлға арасында сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін ұсынуға арналған шарт су тұтынушыдан өтініш негізінде (сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін ұсынуға арналған жеке шарт жасасқан жағдайда) ол сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосылған күнінен бастап жасалады.

Бұйрық 2025 жылғы 20 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.