Қазақстанда 30 мыңнан астам жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.
2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республикадағы 257 кәсіпорында 3,7 мыңнан астам жұмыскерге жалақы бойынша 1,4 млрд теңге қарыз барын анықтады, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Тексерулер нәтижесінде еңбек заңнамасының 4,7 мыңнан астам бұзушылығы тіркелді. Кәсіпорын басшыларына 2 602 ұйғарым беріліп, 332 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Қатаң кестелер енгізудің арқасында 3 437 жұмыскердің жалақысы төленіп, оларға 1,2 млрд теңге берілді.
Оқи отырыңыз: Найзағай ойнап, жаңбыр жауады: 10 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады
2025 жылы еңбек инспекторлары 4 013 тексеру жүргізіп, 4 706 бұзушылықты анықтады. Оның ішінде:
- еңбек саласында – 3 965,
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауда – 721,
- жұмыспен қамту саласында – 20.
Министрліктің дерегінше, қабылданған шаралардың арқасында 30 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды.