Әнші Тоқтар Серіков қазақстандықтарды алаяқтардың әрекеттерінен сақ болуға үндеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желі қолданушыларының айтуынша, ол бұл ескертуін біраз уақыт бұрын Павлодар облысының Баянауыл ауданында өткен концерті барысында айтқан. Әншінің үндеуін кейін облыстық полиция департаментінің бастығы Василий Скляр жариялады.

«Қазіргі кезде алаяқтардың көбейгені бәрімізді алаңдатып отыр. Сол себепті ағайын, ешкімге алданып қалмаңыздар. Әсіресе түрлі мемлекеттік мекемелердің атынан хабарласып, құжаттарыңызды немесе банк картаңыздың нөмірін сұрайтындар көбейді. Мұндай жағдайда сеніп қалмай, алдымен ақпараттың дұрыстығын тексеріп, жергілікті органдарға хабарласыңыздар. Баршаңызды сақтыққа шақырамын», – деді Тоқтар Серіков.