Марат Әшім Қазақстан президентінің кеңесшісі әрі президент Протоколы қызметінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайлды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Мемлекет басшысының өкімімен Марат Кенжеғалиұлы Әшім Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі – президент Протоколы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды", — делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін Марат Әшім президент Протоколы қызметінің бастығы болды.

Ақорданың ресми сайтындағы мәлімет бойынша, Марат Әшім 1987 жылы Алматы қаласында туған.

2008 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде халықаралық қатынастар мамандығы бойынша, 2010 жылы экономика және бизнес мамандығы бойынша білім алып, бакалавр дәрежелерін алған.

2010 жылы халықаралық қатынастар магистрі мамандығы бойынша Қазақстан президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтын тәмамдаған.

2008-2009 жылдары жеке компанияда заңгер болып қызмет атқарған.

2009 жылы Сыртқы істер министрлігі әкімшілік және бақылау департаментінің атташесі болып жұмыс істеген.

2010-2012 жылдары – Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметінің үшінші хатшысы.

2012-2017 жылдары – Қазақстан президентінің Протокол қызметінің референті, сарапшысы, консультанты, инспекторы.

2017-2018 жылдары Қазақстан президентінің Протокол қызметінің сектор меңгерушісі.

2018 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан президентінің Протокол қызметі бастығының орынбасары болып еңбек еткен.

2023 жылдың 15 наурызында Қазақстан президентінің Протокол қызметінің бастығы болып тағайындалған.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз