Әлеуметтік желіде Ақтау қаласының прокуроры Ерболат Әбдіровтың мас күйінде Алматы әуежайында лаң салғаны үшін ұсталып, айыппұл арқалағаны туралы ақпарат тарауда. Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі бұл жайтқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, бұл оқиға шендінің еңбек демалысы кезінде болған.

Сондай-ақ, қазір Әбдіровке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы, 1-бөлігі ("Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болу") және ҚР ӘҚБтК-нің434-бабы, 1-бөлігі ("Ұсақ бұзақылық: қоғамдық орындарда балағат сөздер айту, азаматтарды қорлау және қоғамдық тәртіпті бұзатын өзге де әрекеттер") бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылғаны да нақтыланады.

Zakon.kz тілшісі Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне хабарласып, мынандай мәлімет алды:

"Аталған факт бойынша қызметтік тергеу жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша қызметкерге қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады".