Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспар әзірленеді, деп хабарлайды 24kz.

Ондағы әрбір тармақ бойынша нақты жауапты тұлға мен түпкі нәтижесі бекітіліп көрсетілуге тиіс. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық экономика министрлігіне жалпыұлттық жоспардың жобасын әзірлеп, келесі отырыста ұсынуды тапсырды. Жоспардағы межелерге мониторинг жүргізу үшін интеллектуалды цифрлық құралдар мен тетіктерді қолдану қажет.

«Үкімет қабылдайтын барлық шаралар азаматтарымыздың тұрмыс деңгейі мен әл-ауқатын арттыруға бағытталуға тиіс», — деді Үкімет басшысы.