Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлім етті.

Оның сөзінше, Қазақстанның Цифрлық кодексі Мемлекет басшысы белгілеген мерзімде қабылданады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мұны Үкімет отырысында жасаған баяндамасында сөз етті.

– Цифрлық кодексті Парламент Мәжілісі қарап жатыр. Оны пысықтау Мәжіліс жанынан құрылған құзыреттер орталығының негізінде жүргізілуде. Кодекс жобасы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде GitHub сайтында жарияланады. Құжат Мемлекет басшысы белгілеген мерзімде қабылданатын болады, – деді ол.

Министр "Alatau City" қаласына қатысты цифрлық жобалар туралы да айтып өтті.

– "Alatau City" цифрлық қаласы бойынша жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, Smart City архитектурасы әзірленеді, сондай-ақ оның экожүйесінде криптовалютаны пайдалану үшін қажетті НҚА дайындалады, – деп қосты ведомство басшысы.