Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жаңа көмекшісін әрі баспасөз хатшысын тағайындады.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босады», – деп хабарлаған Ақорда.
Сондай-ақ, Тоқаевтың Жарлығымен Қуанышбек Есекеев президенттің көмекшісі болып тағайындалды, ол да бұрынғы атқарған лауазымынан босады. Ал президенттің Протоколы қызметінің бастығы әрі президенттің кеңесшісі лауазымына Марат Әшім тағайындалды.