АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанға баруы мүмкін екенін айтып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сәлем жолдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

24KZ телеарнасының мәліметінше, Нью-Йорктегі US Open теннис турниріне бара жатқан Ақ үй басшысы сапар алдында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берген.

АҚШ президентіне сұрақ қойған журналистердің арасында арна тілшісі Ердана Ержанұлы да бар.

Ол Трамптан Қазақстан жайлы пікірін сұраған.

"Президент мырза, Қазақстан жайлы пікіріңіз қандай? Орталық Азияның осы еліне баратын жоспарыңыз бар ма?" — деп сұрады журналист.

Трамп бұл сұраққа жауап беріп, Қазақстанға баруы мүмкін екенін айтты.

"Баруым әбден мүмкін. Олармен әңгімеміз мазмұнды болды. Сәлем айтыңыз. Президентіңіз өте жақсы адам! Рақмет!" — деді АҚШ президенті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Yerdana Yerzhanuly (@yerdanashares)

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз