Президент шекаралық өткізу бекеттерінде автокөлікпен жүк тасымалдаушыларға қызмет сапасын жақсартып, транзиттік жүктердің «жасыл дәліз » қағидасымен тоқтаусыз өтуіне жағдай жасауды тапсырды.
Елде биыл 8 шекара бекеті жаңғыртылса, таяу үш жылда тағы 34 бекет жаңарады. Ресейдің 5 облысымен шектесетін Батыс Қазақстан облысында 6 өткізу бекеті бар. Оның ең ірісі Самарамен шекарадағы Сырым өткізу бекеті тамыздың 4-нен бастап жөндеуге жабылды. Қайта жаңғыртудан кейін аталған бекет арқылы Ресейге өтетін адам саны тәулігіне 6 мыңнан 10 мыңға, көлік саны 3 мыңнан 5 мыңға көбеймек. Жаңадан заманауи ренгтгендік тексеру қондырғылары алынбақ, Құрылыс құны 21 млрд теңге. Одан басқа Саратовпен арадағы Тасқала өткізу бекетіне де реконструкция жасалмақ.
Данияр Дүйсенғалиев , «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚОФ бөлім басшысы:
-Тасқала бекетінде Сырым өткізу пунктінен 2 мыңға жетпейтін көлік өтеді. Жобалау-жаңарту жұмыстары біткесін оларда да екі есе өседі. Бізде кезең-кезеңімен бөлінген. Биылға осы екі бекетке қаржы бөлу жоспарланып жатыр. Басқа бекеттер де бар. Ақсай өткізу бекеті, Жәнібек, Орда өткізу бекеті және Шаған бекеті. Олар келесі кезеңде болады. Ол туралы келесі жылы анық болады.