Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 8 қыркүйекте Солтүстік Македония Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Гордана Силяновска-Давкованы Солтүстік Македония Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, делінген Ақорда хабарламасында.
Мемлекет басшысы Балқан түбегіндегі Қазақстанның сенімді серіктестерінің бірі саналатын Солтүстік Македония Республикасымен дәстүрлі достық және өзара түсіністік рухындағы ынтымақтастық ұдайы дами беретініне сенім білдірді.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтаған болатын.