Қазіргі таңда күдіктілер Черногория аумағында қамауға алынды.

Ішкі істер министрлігінің Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы негізінде Черногорияның Бар қаласында халықаралық іздеуде жүрген екі қазақстандық азамат ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Олар ауыр қылмыстарға қатысы бар деп күдіктеліп отыр. Атап айтқанда: есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымы мен сатылуы, оларды тұтынуға итермелеу, ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында әрекет ету және лауазымды тұлғаға пара беру фактілері.

Тергеу барысында анықталғандай, күдіктілер 2024 жылдың басында Telegram мессенджері арқылы жұмыс істеген есірткі және психотроптық заттарды сатуға арналған интернет-дүкен құрған.


Оқи отырыңыз: Астанада заңсыз такси жүргізген шетел азаматы ұсталды


"Қылмыстық схема аясында олар курьерлік жұмыс туралы хабарландыру арқылы сыбайластарды тартқан, сонымен қатар заңсыз әрекеттерді үйлестіріп, қаржыландырумен айналысқан. Қазіргі уақытта ұсталғандар Черногория аумағында қамауға алынды", – делінген хабарламада.