Тауда жүрген әйелдің денсаулығы күрт нашарлап , өздігінен түсе алмай қалған.
Оқиға орнына дереу ТЖД құтқарушылары аттанып, "Тұйық-су" бақылау-құтқару пунктінен шығып, сол жақ Талғардың жоғарғы ағысына қарай көтерілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Құтқарушылар әйелді қауіпсіз жерге түсіріп, ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасына табыстады.
Дәрігерлер тексерген соң, зардап шеккен азаматша ауруханаға жатқызудан бас тартқан.