Қазақстанның Энергетика министрі Ерлан Аккенженов 2025 жылғы 8 қыркүйекте қазақстандықтардың бензин бағасының әрі қарай өсуіне қатысты алаңдаушылығына түсініктеме берді.
Доллардың күшеюі мен көршілес Ресейдегі жанармай тапшылығы аясында Қазақстанда да баға өсуі мүмкін бе?
"Мұнда долларға ешқандай байланыс жоқ шығар. Ішкі сұраныс пен ұсыныс бар, сонымен қатар Ресей Федерациясындағы жағдайға байланысты халықтың алаңдауы бар: бәрібір 7 мың шақырымға жуық шекараны айналып өту мүмкін емес. Сондықтан бұл жағдай азаматтарымызда белгілі бір алаңдаушылық тудырып отыр", – деді Ерлан Аккенженов.
Оның айтуынша, қазіргі таңда АИ-95 маркалы бензин бойынша жағдай тұрақты.
"Өткен аптада бізде 21 күндік қор болса, осы аптада 26 күнге жетті. Қор көбейіп жатыр, зауыттар тұрақты жұмыс істеуде. АИ-92 бойынша да жағдай осындай. Ресейдегі жағдай бізде қайталанады деп ойламаймын", – деп атап өтті министр.
Ол жауапты ведомство елден бензин шығаруға тыйымды үнемі ұзартатынын еске салды.
2025 жылғы 27 тамызда министр осы күзде жанармай тапшылығы болуы мүмкін екенін айтқан еді.