"Қазгидромет" РМК мамандары 2025 жылдың 9, 10 және 11 қыркүйегіне үш ірі мегаполис бойынша болжам жасады. Оған сәйкес, Алматы мен Астанада нөсер жауады, ал Шымкентте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы бойынша болжам

9 қыркүйек: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыстан соғады: түнде 2-7 м/с, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +6…+8°С, күндіз +18…+20°С.

10 қыркүйек: ауыспалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Температура түнде +10…+12°С, күндіз +16…+18°С.

11 қыркүйек: ауыспалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 9-14 м/с. Температура түнде +8…+10°С, күндіз +13…+15°С.

Алматы қаласы бойынша болжам

9 қыркүйек: ауыспалы бұлтты, түнде жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады 3-8 м/с, кей жерлерде екпіні 18 м/с. Температура түнде +16…+18°С, күндіз +26…+28°С.

10-11 қыркүйек: ауыспалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 3-8 м/с, кей жерлерде екпіні 18 м/с. Температура түнде +14…+16°С, күндіз +25…+27°С.

Шымкент қаласы бойынша болжам

9 қыркүйек: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 8-13 м/с. Температура түнде +15…+17°С, күндіз +29…+31°С.

10-11 қыркүйек: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 8-13 м/с. Температура түнде +15…+17°С, күндіз +28…+30°С.

Бұған дейін Қазақстанға нөсер жауын мен үсік алып келетін циклон жақындап келе жатқаны хабарланған еді.