Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова 2025 жылғы 8 қыркүйекте азаматтардың екі-үш жұмысты қатар істеуіне тыйым салынуы мүмкін деген қауесетке түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Бұл сұрақты журналистер министрге қойды. Олар қазақстандықтарға бірнеше жұмысты қоса атқаруға тыйым салынса, оны қалай және кім қадағалайтынын сұрады.
"Жоқ, әрине, тыйым салынбайды. Еңбек адамы әрқашан бағаланады, керісінше, адам жұмыс істеуге талпынып жүрсе – оған ешкім шектеу қоймайды", – деп сендірді Светлана Жақыпова.
Бұған дейін Жақыпова президенттің Үкіметтің әлеуметтік масылдық пен алаяқтықты ынталандыруына қатысты мәлімдемесіне пікір білдірген болатын.