Шымкентте 52 адамды алдаған азамат Түркиядан елге қайтарылды .

Бірнеше алаяқтық фактісі бойынша іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Түркиядан елге қайтарылды. Бұл туралы бас прокуратура хабарлайды.

Ол 2023 жылы Шымкентте алдын ала сөз байласып, интернетте нарықтан төмен бағамен автокөлік сатылады деген жалған хабарландырулар орналастырған. Соның салдарынан 52 жәбірленушіге 70 миллион теңгеден астам шығын келген.


Оқи отырыңыз: Маңғыстау облысында киік мүйіздерін заңсыз сақтаған тұрғын ұсталды


Қылмысқа қатысқан басқа адамдарға сот үкім шығарған, ал негізгі күдікті жасырынып, халықаралық іздеуде жүрген. Ол тамыз айында Түркияда ұсталды.

Қазір күдікті тергеу изоляторында отыр. Ол мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.