Президент Қасым-Жомарт Тоқаев комитеттердің бірінің атауын өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Меніңше, Бас прокуратураға қарасты Заңсыз активтерді қайтару комитетінің атауын Инвесторлар құқықтарын қорғау комитеті деп өзгертудің уақыты келді.

Бас прокуратура заңсыз активтер иелерімен жақсы жұмыс атқарғанын айта кету керек. 850 миллиард теңгеге жуық қаржы қазынаға қайтарылды", — деді мемлекет басшысы жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз