Қазақстанда Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Мемлекет басшысының айтуынша, жаңа министрлікті премьер-министрдің орынбасары деңгейіндегі маман басқаруы керек.
"Қазіргі құзырлы министрліктің негізінде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет деп санаймын. Жаңа министрлікті премьер-министрдің орынбасары деңгейіндегі маман басқаруы керек", — деді президент.
Материал толықтырылып жатыр
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз