Баланың тіліне сегіз тігіс салынды .
Талғарда ұрланған кішкентай қызға ота жасалды. Бұл туралы адвокат Гаухар Сарыева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Кішкентай қыздың тілін сегіз жерден тіккен.
Адвокаттың сөзінше, күдікті баланы өзімен бірге алып кетіп, көлігімен аударылып түскен, салдарынан қыз жарақат алған.
"Ол оған тиіспеген. Қыз аман қалды", – деп жазды Гаухар Сарыева.
Ақпаратқа сәйкес, ұрланған баланың анасы мейірбике болып жұмыс істейді. Оқиға кезінде ол көршісінің үйінде науқасқа система қойып жатқан.
"Осы уақытта қылмыскер келген. Болжам бойынша ол әйел мен баланы алып кетпек болған", – деді адвокат.