Түркістан облысында баласы аяусыз соққыға жыққан ақсақал көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпаратты өңірдің Полиция департаменті растады.

Бұған дейін қауқары кеткен әкесін соққының астына алған түркістандық жігіттің әрекеті бейнетаспаға түсіп қалғанын жазған болатынбыз.

Онда полицейлер аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.

"Болған оқиғаның мән-жайы анықталады. Қажетті тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданады", – деді полиция.