Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ұлттық құрама 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Бельгиядан 0:6 есебімен ұтылып қалды. Бұл Қазақстан құрамасының қатарынан төртінші рет ұтылуы және Әлиевтің басшылығындағы ең ірі жеңіліс болды.

"Қысқаша айтқым келеді. Болған жағдайдың барлығын, бұл жеңілісті де өз мойныма аламын. Бұл менің кінәм. Футболшылардың ешқайсысы бұған лайық емес... Мен бәрін өз мойныма аламын. [Өтініш] жазамын, отставкаға кетемін. Елге жеткен бойда президентке және [Қазақстан футбол федерациясының] басшылығына дереу хабарлаймын", — деді де Әлиев матчтан соң өткен баспасөз мәслихатынан шығып кетті.

Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңіндегі бес ойында үш ұпай жинады және J тобында соңғы төртінші орында тұр. Команда әлем чемпионатына тікелей жолдама алу мүмкіндігінен айырылды.

44 жастағы Әлиев қаңтар айында ресейлік Станислав Черчесов отставкаға кеткеннен кейін Қазақстан құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы болып тағайындалған болатын. Мамырда қазақстандық маман қызметіне толық кірісті. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама жолдастық кездесулерді қосқанда екі рет жеңіске жетіп, алтауында жеңілді.Футболдан ұлттық құрма Бельгиядан ойсырай жеңілді: бас бапкер Әлиев қызметінен кететінін мәлімдедФутболдан ұлттық құрма Бельгиядан ойсырай жеңілді: бас бапкер Әлиев қызметінен кететінін мәлімдед

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз