Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыровтың айтуынша, бейбітшілік тек Украина Ресей Федерациясының "аймағы немесе округі" болғанда ғана орнайды. Бұл туралы РИА Новости басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Рамзан Қадыров басылымға берген сұхбатында өзін Украинадағы соғысты тоқтатуды қолдаушылардың қатарынан емес екенін мойындады. Шешенстан Республикасы басшысының сөзінше, бейбітшілік тек Украина Ресейдің округі немесе аймағы болғанда ғана орнайды.

"Қазіргі жағдайда соғысты тоқтату біз үшін аса тиімсіз. Мен қазіргі ахуалда ұрыс қимылдарын тоқтатуды жақтамаймын. Қазір соғысты тоқтату бізге тиімсіз деп санаймын. Біздің шекарадағы бейбітшілік тек Украина жері Ресейдікі болғанда ғана мүмкін", — деді Қадыров.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз