Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегіне қатысты жарияланған жаһандық төтенше жағдай режимін алып тастады.

Бұл шешім Африка құрлығында індеттің бәсеңдеуіне байланысты қабылданды. Вирус былтыр 13 мемлекетке тараған еді. Қазір жағдай тұрақталып, маусымнан шілдеге дейін Африкада сырқаттану дерегі 28%-ға азайған. Ұйымның хабарлауынша биыл әлем бойынша 34 мыңнан астам жағдай тіркелген. Індетпен күресу мақсатында Африка елдеріне 6 миллион доза вакцина бөлінді. Бүгінде оның жартысы жеткізілді. Маймыл шешегі адамнан адамға жұғу арқылы таралады. Ауру дене қызуының көтерілуімен, әлсіздікпен, жөтелмен және теріге бөртпе шығумен сипатталады.