Қазақстанның 14 облысында 7 қыркүйекте дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. 7-8 қыркүйекте облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 7-8 қыркүйекте төтенше өрт қаупі күтіледі.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 7 қыркүйекте күндіз найзағай ойнап, төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 7 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Таңертең және күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде батыстан жел соғады, күндізгі екпіні — 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 7 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 7 қыркүйекте күндіз найзағай ойнап, шығыстан, солтүстік-шығыстан чоққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында да найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 7 қыркүйекте түнде найзағай ойнап, жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының тауында найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 7 қыркүйекте оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, күндізгі екпіні — 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 07 қыркүйекте оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада 7 қыркүйекте найзағай ойнайды деп күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 7 қыркүйекте түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Қостанайда 7 қыркүйекте найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Павлодар облысының батысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Петропавлда 7 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні — 15-20 м/с.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 7 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.