Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Солтүстік Қазақстанда 2 полицей қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты

Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Саденов желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты .

Ішкі істер министрлігі қаза тапқан қызметкерлердің отбасына барлық қажетті көмекті көрсетеді.

– Қызметтік борыштарын атқару кезінде жол-көлік оқиғасында қаза тапқан Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің учаскелік полиция инспекторлары полиция майоры Владимир Синицын мен полиция аға лейтенанты Дәулетхан Қазыханның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын, – деп жазды министр.

Қызметтік борышын атқару кезінде өмірі қиылған қызметкерлердің есімі ішкі істер органдарында мәңгі сақталады.