Бокс бойынша әлем чемпионатының үшінші күнінде Ливерпульде (Англия) Қазақстан құрамасының төрт өкілі шаршы алаңға шығады , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
6 қыркүйекте Англияның Ливерпуль қаласында бокс бойынша әлем чемпионатының үшінші жарыс күні өтеді.
Қазақстандық боксшылардың ішінде алғаш болып 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Төрехан Сабырхан өнер көрсетеді. Оның қарсыласы – алжирлік Юсеф Ислам Яиш.
Сондай-ақ, 60 келіге дейінгі салмақта Бейбарыс Жексен Филиппин елінен келген Джунмилардо Огайреге қарсы жұдырықтасады.
Осы салмақтағы қазақстандық спортшы Виктория Графеева Косоводан келген Доньета Садикумен кездесу өткізеді.
Ал 75 келіге дейінгі салмақта Надежда Рябец Қытай спортшысы Лина Ванмен жұдырықтасады.
Төрехан Сабырханның жекпе-жегі Қазақстан уақыты бойынша сағат 15:00-де басталатын күндізгі сессияда өтеді. Виктория Графеева, Бейбарыс Жексен және Надежда Рябец кешкі сессияда өнер көрсетеді, ол сағат 22:00-де басталады.
Әлем чемпионатын Qazsport телеарнасының тікелей эфирінен және оның сайтынан тамашалауға болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!