Астана, Алматы мен Шымкенте 6 қыркүйекте ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін Алматыда күн ала бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 31 градусқа дейін көтеріліп, түнде 15 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,5 м/с деңгейінде болмақ.
Астанада синоптиктер болжамынша, күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 26 градусқа дейін жетіп, түнде 12 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 8,5 м/с деңгейінде болады.
Шымкентте бүгін күн ала бұлтты болады. Күндіз термометр бағаны 35 градусқа дейін жетіп, түнде 21 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,3 м/с деңгейінде болмақ.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз