Қазақстанда АЭС атауын таңдау жөніндегі конкурстық комиссияның ережесі мен құрамы бекітілді. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
5 қыркүйекте ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінде Алматы облысы Жамбыл ауданында салынуы жоспарланған атом электр станциясына атау беру бойынша жалпы халықтық конкурс өткізу мәселелерін қараған жұмыс тобының екінші отырысы өтті.
Отырысқа жұмыс тобының құрамына енген мемлекеттік органдардың, ғылыми ұйымдардың және салалық компаниялардың өкілдері қатысты. Іс-шараға Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев төрағалық етті.
Талқылау барысында конкурстық комиссияның ережесі мен құрамы бекітілді. Оның құрамына жұртшылық өкілдері, креативті индустрия мамандары, сондай-ақ атом энергетикасы, филология және тарих салаларының сарапшылары кірді. Бұдан бөлек, өтінімдерді беру және қарау тәртібін, оларды бағалау өлшем шарттарын және қорытынды шешім қабылдау рәсімдерін айқындайтын конкурсты өткізу ережесінің жобасы қаралды.
"Жұмыс тобының мүшелері атом электр станциясының атауын айқындау шешімі бірқатар факторларды ескере отырып қабылданатынын атап өтті. Конкурстық комиссия ұсыныстарды атаудың танымалдылығы, тарихи және мәдени маңыздылығы, атом энергетикасының имиджіне сәйкестігі, әуезділігі, есте сақтаудың жеңілдігі, бірегейлігі және өзіндік ерекшелігі секілді өлшем шарттар бойынша бағалайды. Сонымен қатар, қорлайтын немесе кемсітушілік сипаттағы сөздерді, бейәдеп лексиканы, коммерциялық брендтерді қамтитын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын және үшінші тұлғалардың құқықтарын, оныңішінде авторлық құқықты бұзатын атаулар қабылданбайды. Азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз ету мақсатында цифрлық шешімдерді қолдану жоспарлануда" — делінген хабарламада.
Осы орайда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-мен бірлесіп, өтінімдерді eGov Mobile қосымшасы арқылы қабылдау жөнінде ұсыныстар енгізгені де нақтыланады.
Отырыстың қорытындысы бойыншак конкурстың негізгі ұйымдастырушылық құжаттары бекітіліп, оны өткізу бойынша алдағы қадамдар айқындалды. Болашақ атом электр станциясына атау беру жөніндегі конкурс азаматтарды тартудыңмаңызды құралына айналып, елдің мәдени жәнетарихи құндылықтарын айқындауға мүмкіндік береді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз