Ливерпульде өтіп жатқан World Boxing ұйымының тарихтағы алғашқы әлем чемпионатының екінші күні Қазақстан боксшылары жанкүйерлерін қуантты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

5 қыркүйекте өткен күндізгі сессияда екі қазақстандық спортшы рингке шықты. Алдымен 57 келі салмақта Карина Ибрагимова Грекия өкілі Панайота Кузилумен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Қазылар бірауыздан қазақстандық боксшының пайдасына шешім шығарды — 5:0. Осылайша Карина 1/8 финалға жолдама алды.

Келесі жекпе-жекте 65 келіге дейінгі салмақта Аида Әбікеева бақ сынады. Венгрия боксшысы Луца Хамориге қарсы өткен кездесуде алғашқы раундты қарсыласына беріп қойғанымен, қалған кезеңдерде басымдықты өз қолына алып, сенімді жеңіске жетті — 5:0.