Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдар басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, қоғам өкілдері мен еңбеккерлер қатысады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйекте өтетін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 11:00-ден бастап республикалық телеарналардан, сондай-ақ Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі.