Қазнетте Алматы қаласында 17 жастағы қыздың өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарап жатыр. Әлеуметтік желілерде жарияланған деректерге сәйкес, қайғылы жағдай оның өзі оқыған жеке мектептегі қысым (буллинг) салдарынан болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қыз 10-сыныпқа көшуі тиіс болған. Желідегі мәліметке көз жүгіртсек, 2025 жылдың 1 қыркүйегінде ол мектепке бейресми түрде келгені үшін директордан және оқу ісінің меңгерушісінен сөгіс алған. Келесі күні мектептен шығарылған. Ал 3 қыркүйек, сәрсенбі күні, оқушы қыз өз-өзіне қол жұмсаған.
Zakon.kz тілшісі түсініктеме алу үшін Алматы қалалық полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметіне жүгінді.
Онда Медеу аудандық полиция басқармасы бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Мотив пен мән-жайлар анықталып жатыр", – деді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Таразда 1 қыркүйек күні мектеп оқушысын өлтіріп кеткенін жазғанбыз.