Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі контрабандасының халықаралық арнасын жою бойынша көп сатылы операцияны жүзеге асырғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, уақтылы қабылданған шаралардың арқасында Алматы қаласында республика тарихындағы ең ірі бір реттік cалмағы 13 тонна 183 килограмм кокаин есірткі затының партиясы тәркіленген.

"Осы жүктің бағыты Қазақстан арқылы үшінші елдерге транзит жасауды көздеді. Есірткі арнасын ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен екі шетелдік азамат ұсталып, қамауға алынды.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде", — делінген хабарламада.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз