Блогер Ерболат Жанабыловтың ісі бойынша сот отырысы 15 қыркүйекке шегерілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мұндай шешім адвокаттың мәлімдемесінен кейін қабылданды. Адвокаттың айтуынша, Жанабыловтың құқықтары өрескел бұзылған: Протоколмен таныстырылмаған және көшірмесі берілмеген; Сотталушы өзіне тағылған айыптың мәнін толық білмеген; Құжаттардың бір бөлігі қазақша, бір бөлігі орысша болғанымен, аудармашы берілмеген. Сонымен қатар, блогер сот залынан шыға берісте журналистердің сұрағына жауап беруден бас тартып:
«Мен тамақ ішкім келеді, таңнан бері осында отырмыз» – деп қысқа қайырды.
Айта кетейік, Жанабыловтың өзі айтқандай, оның курстарына 5–6 мың адам қатысқан. Әрқайсысы 30 мың теңге төлеген.