Ұлттық паркке қыркүйек айында қар жауды.
Шығыс Қазақстан облысындағы Қатонқарағай ұлттық паркінің қызметкерлері Мәметек аумағында қар түскенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Қатонқарағай ұлттық паркінің аумағында құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар өткізіледі. Мәметек аумағында қар жауып, қар жамылғысының қалыңдығы 20-25 сантиметрге жетті", – деп хабарлады парктің баспасөз қызметі.