Шымкентте полицейлер жанармай бекетіндегі қайғылы жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды ІІМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның Telegram-дағы POLISIA.KZ арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, 4 қыркүйекте түнде қала көшелерін патрульдеу барысында инспекторлар Ерсұлтан Өмірзақов пен Рахат Мырзабеков автожанармай бекеті аумағынан шығып жатқан қою түтінді байқаған.

Оқиға орнына жөнелген сақшылар бірден "101" қызметіне хабарлап, өрт жайлы ақпарат берген.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін полицейлер отқа жақын тұрған автокөлікті қауіпсіз жерге шығарып, азаматтарды дер кезінде эвакуациялаған.

"Осылайша, тәртіп сақшыларының жедел әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында үлкен апаттың алды алынды", -делінген хабарламада.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз