Ақтөбе қаласында есірткіге мас күйде көлік жүргізген 31 жастағы рэп-орындаушы ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция департаменті өкілдерінің хабарлауынша, тінту кезінде одан ұнтақ тәрізді зат салынған зип-пакет табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысы оның синтетикалық есірткі заты екенін анықтады.

"Медициналық куәландыру нәтижелері де оның көлікті есірткіге мас күйде басқарғанын растады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды", — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.

БАҚ-та ұсталған рэп-орындаушы Qarakesek (Омар Амантаев) екені айтылуда.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Polisia AQTOBE (@polisia_aqtobe)

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз