Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

Биыл тамызда 12 азамат террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Олардың барлығы сот шешімімен кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

"Олардың 11-і терроризм идеясын насихаттап, зорлық-зомбылықты ақтап және діни араздыққа шақырған, ал тағы 1-і лаңкестік ұйымға қосылу үшін шетелге шығуға дайындалған", – деп жазылған хабарламада.