"Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Түпқараған ауданы полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері Ақшұқыр ауылындағы тұрғын үй ауласынан қарасораны заңсыз өсіру дерегін анықтады.
Тінту кезінде 749 түп қарасора өсімдігі, сондай-ақ ыдысқа салынған кептірілген қарасора және марихуанаға ұқсас оралған шөп тәркіленді.
Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Еске сала кетейік, есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың баламаларын заңсыз айналымға енгізу, өндіру, сақтау немесе өсіру – ауыр қылмыс болып саналады және заңмен қатаң жазаланады. Заң және тәртіп – қоғам қауіпсіздігінің негізі.
Осы қағиданы ұстана отырып, Маңғыстау облысының полицейлері есірткі қылмыстарының жолын кесу және қоғамды зиянды әдеттерден қорғау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.