Алматы облысында Қапшағайға батып кеткен ер адамның денесі бес күннен соң табылды. Марқұмның мәйіті су бетіне қалқып шыққан. Құтқарушылар оны тікұшақтың көмегімен жағадан бес-алты шақырым қашықтан тауыпты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Екі ер адам жаздың соңғы күнінде Қапшағайға демалуға барып, олар отырған қайық су ортасында аударылып кеткен. Бірі өз күшімен жағаға шықса, екіншісі сол күйі табылмаған. 112-ге хабар түскен соң төтенше жағдай қызметкерлері оқиға орнына дереу жеткен.
Су қоймасында тәулік бойы жүргізілген іздеуге тікұшақтан бөлек, төрт жүзу құралы, дрон, гидроакустика құрылғы мен 17 құтқарушы жұмылдырылған.
Еске салайық, бұған дейін Қапшағайда қайық аударылып, бір адам жоғалып кеткені хабарланды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз