Алматыда автобус қаққан екі қыздың жағдайы ауыр. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Дәрігерлердің айтуынша, олар күрделі бас-ми жарақатын алған. Алғашында екі пациент те жансақтау және қарқынды терапия бөліміне жатқызылған. Бүгін бейінді нейрохирургия бөліміне ауыстырылды. Айта кетейік, кеше жаяу жүргіншілер өткелінде самокат теуіп бара жатқан 17 жастағы екі қызды автобус қағып кеткен болатын. Қазір полиция оқиғаға байланысты тексеру жүргізуде.