Астана қаласының прокуратура қызметкерлері полицейлермен бірге ойын-сауық орындарына рейд жүргізіп, азот тотығын заңсыз пайдалану фактісін тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нашақорлықтың алдын алу бойынша профилактикалық шараларды жүзеге асыру мақсатында елорда прокуратурасының бастамасымен полиция департаменті 15 ойын-сауық мекемесінде рейдтік іс-шаралар жүргізді. Нәтижесінде 7 баллон азот тотығы және 14 пакет шариктер (азот тотығымен дем алу үшін пайдаланылады) тәркіленді.

Төрт тұлғаға ҚР ӘҚБтК-нің 440-1-бабы бойынша 10 тәулікке әкімшілік қамау түрінде жаза қолданылды.

Астана қаласының прокуратурасы азот тотығы (күлдіретін газ) есірткі заты болмағанымен, ол күшті әсер ететін заттарға жататынын ескертеді. Оны медициналық мақсатта емес қолданғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-1-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Бұған дейін ҰҚК өз қызметкерлерінің ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарғанын жазғанбыз.