2025 жылдың 25 қыркүйегінен бастап 2011 жылы шыққан 5000 теңгелік купюролар жарамсыз болады.
Осыған байланысты Ұлттық банк халыққа ескерту жасап, ескі ақшаларды айырбастайтын нүктелерді нұсқаған.
«Ескі ақшаны барлық банк пен «Қазпошта» 3 жыл бойы айырбастайды. Ал Ұлттық банк филиалдары оларды мерзімсіз қабылдай береді», – деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.