Олардың махаббат оқиғасы әлеуметтік желілерде лезде тарады.
Жапонияда ерекше махаббат хикаясы көпшілікті таңғалдырды. 23 жастағы жігіт сыныптасының 83 жастағы әжесіне ғашық болып, оған үйленгісі келетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Басылым мәліметінше, екеуі алғаш рет өткен жылдың 14 ақпанында – Валентин күнінде танысқан. Алты ай өткен соң олар қарым-қатынастарын ашық жариялап, бірге тұра бастады.
Қызығы, отбасы мүшелері бұл шешімді толықтай қолдаған. Әжейдің өзі бұрын бағбан болып жұмыс істеген, үлкен ботаникалық баққа иелік етеді. Ол екі рет тұрмыс құрған, бір ұлы мен қызы, сондай-ақ бес немересі бар.
Олардың әңгімесі мен махаббат оқиғасы әлеуметтік желілерде лезде тарады. Біреулер бұл жұпты қолдап, "махаббат жасқа қарамайды" десе, енді біреулер жігіттің әрекетін сынға алып, мұндай қарым-қатынасты қабылдай алмайтынын жазуда.