Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Рыбакина тағы бір бапкермен жұмысын тоқтатты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина италиялық жаттықтырушысы Давиде Сангвинеттимен қош айтысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Tennisuptodate және Spazio Tennis басылымдарының мәліметінше, бұл шешімді Рыбакина АҚШ-тағы ашық чемпионат аяқталғаннан кейін қабылдаған. Ол аталған турнирде 1/8 финал сатысында жеңіліп қалған болатын. Осылайша, қазіргі таңда Рыбакинамен бірге жұмыс істеп жатқан жалғыз бапкер — Хорват Стефано Вуков.