Қаржы министрлігі Ұлттық қордың 9 айдағы жай-күйі туралы мәлімет жариялады.
Ресми мәліметке сенсек, 9 айдың ішінде Ұлттық қорға 1 трлн 375 млрд 751 млн 991,8 мың таза табыс түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
2025 жылдың басында Ұлттық қорда 34 трлн 730 млрд 106 млн 884 мың теңге ақша болған. Ал 1 қыркүйекте бұл сома 36 трлн 105млрд 858 млн 875,8 мың теңгеге жетіп отыр.
Айта кету керек, 9 айда Ұлттық қорға барлығы 5 трлн 238 млрд 786 млн 755,5 мың теңге кіріс түскен. Оның ішінде 2 трлн 480 млрд 802 млн 213 мың теңгесі – қорды басқарудан түскен инвестициялық кіріс.
Осы 5,2 трлн теңгенің 3 трлн 863 млрд 34 млн 763,7 мың теңгесі жұмсалған. Оның ішінде кепілдік берілген трансферттерге 2 трлн теңге, мақсатты трансферттерге 1 трлн 830 млрд теңге, қорды басқару мен сыртқы аудит шығындарына 33 млрд 34 млн 763,7 мың теңге бағытталған.